Мемлекеттік кірістер комитеті ірі фитнес-клубтар мен мейрамханаларға хронометражды тексерістер жүргізеді, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Мемлекеттік кірістер комитеті нақты кіріс пен шығысты салыстыру үшін премиалды фитнес-клубтар мен мейрамханаларда хронометражды тексерістер жүргізуді бастайды», - деді Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі.
Кірістер комитеті бекітілген жалпы режимде жұмыс істейтін, өзінің салық міндеттемелерін оңтайландырып жатқан салық төлеушілерді әкімшілеу жұмыстарын жалғастыруда.
Бүгінге дейін мемлекеттік бюджетке 27 млрд теңгеден астам салық төленген. Оның ішінде 16,5 млрд теңге – құрылыс компанияларынан, 2,8 млрд теңге – сауда ұйымдарынан, 2,1 млрд теңге – қызмет көрсету саласынан, 5,6 млрд теңге – басқа салалардан.