сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Екі жоғары оқу орнының атауы өзгерді

/

Қазақстанда екі өңірдегі жоғары оқу орнының атауы өзгертілді, деп хабарлады turkystan.kz сайты Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Ғылым және жоғары білім министрінің 2025 жылғы 17 наурыздағы бұйрығымен Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты Ыбырай Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық университеті болып өзгертілді. 

Сондай-ақ Шәкәрім атындағы Семей университетінің атауы «Шәкәрім университеті» болып өзгертілді.

Бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

Айта кетсек, Арқалық педагогикалық институты 1972 жылы 12 сәуірде құрылды, 1977 жылы қазанда жоғары оқу орнына Ы. Алтынсаринның есімі берілді.

Ал Шәкәрім атындағы университет 1934 жылы Семей педагогикалық институты ретінде құрылды, ал 1936 жылы оқу орнына Сәкен Сейфуллиннің есімі берілді. 1993 жылы институтқа Шәкәрім Құдайбердіұлының есімі берілді.

Еске салайық, былтыр жоғары оқу орындарын басқарудың жаңа моделі әзірленіп жатқаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Бөлісу: