сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Триллер жанрындағы фильмдер ұйқыға кері әсер етеді – ғалымдар ескерту жасады

/
сурет: istockphoto.com

Бейсаналы түрде демалып жатырмын деп ойлағанмен, ағзаңыз күйзеліске ұшырайды, қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді және кортизол деңгейі артады.

Ғалымдардың айтуынша, түнде триллер жанрындағы фильмдерді көру ұйқының сапасына кері әсер етеді.

Бейсаналы түрде демалып жатырмын деп ойлағанмен, ағзаңыз күйзеліске ұшырайды, қан қысымы көтеріледі, жүрек соғысы жиілейді және кортизол деңгейі артады.

Мидың бұл процестерді шынайы қауіп ретінде қабылдауы – басты мәселе. Организм қауіптен қорғануға дайындалады, тыныс алу ырғағы бұзылады, ал жүйке жүйесі қозып, ұйықтау қиындай түседі.

Мамандар кешкі уақытта жеңіл, позитивті немесе бейтарап мазмұндағы фильмдер мен бағдарламаларды таңдауға кеңес береді. Бұл миға тыныштық сыйлап, ұйқыны жақсартады. Экшн мен триллерді таңертең немесе күндіз көру әлдеқайда тиімді.

Бөлісу: