сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Оралда із-түзсіз жоғалып кеткен екі жасөспірім табылды

/
Polisia.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің криминалдық полиция қызметкерлері Оралда жоғалып кеткен екі жасөспірімді аман-есен тапты.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Артем Сарманов 24 ақпанда кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығынан мектепке кеткеннен оралмаған. 

Полиция қызметкерлерінің іздестіру іс-шаралары нәтижесінде жасөспірім Оралдан табылды.

Өзінің айтуынша, ол осы уақыт бойы достарында болған.

Екінші жасөспірім Зарина Ниғметова үйінен 16 наурызда шығып кеткен. Полиция қызметкерлері оның жүрген жерін анықтап, Ақтөбе қаласынан тапты. 

Бөлісу: