Жамбыл облысында жалға берілетін пәтерлердің бірінен полиция қызметкерінің денесі табылды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ақпаратты облыстық Полиция департаменті растады.
ПД баспасөз қызметі оқиға орнына ведомство басшылығы мен жедел тергеу тобының шұғыл түрде барғанын мәлімдеді.
Аталған факт бойынша "Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды, - делінген хабарламада.
Істің мән-жайы мен себептерін анықтау үшін барлық қажетті кешенді шұғыл тергеу шаралары жүргізіліп жатқаны айтылды.