сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

«Таза Қазақстан»: Қызылордадағы университет маңына 1 000 көшет отырғызылды

/
«AMANAT» партиясы

Қызылорда университетінің «Ботаникалық бағында» «1000 ағаш - 1000 арман» атты көшет отырғызу акциясы өтті.

Қызылорда да «AMANAT» партиясының «Тұран» бастауыш партия ұйымына қарасты Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің «Ботаникалық бағында» «1000 ағаш - 1000 арман» атты көшет отырғызу акциясы өтті.

Іс-шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы негізінде «AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы экологиялық кеңес мүшелерінің бастамасымен ұйымдастырылды.
Оған партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов, өңірлік экологиялық кеңес мүшелері, фракция мүшелері, партия белсенділері, «Қорқыт Ата» атындағы Қызылорда университеті оқытушылары мен, студенттері және қала тұрғындары қатысты. 

Акция барысында жақында жаңғырту жұмыстарынан өткен «Ботаникалық баққа» 1 мыңнан аса әртүрлі ағаш көшеттері отырғызылды.

Игі шара партия филиалының өңірлік экологиялық кеңес мүшелерінің бастамасымен қолға алынды. Мемлекет басшысының бастамасымен іске асқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың үйлестіруімен өңірімізде қарқынды жүзеге асуда. Бүгін осындай ауқымды шарада бас қосып отырмыз. Бізге қолдау білдіріп отырған «Тұран» бастауыш партия ұйымы мен облыстық «Табиғи  ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу» басқармасына алғыс білдіреміз, - деді партияның облыстық филиалының төрағасы Алмасбек Есмаханов.

Айта кетейік, «AMANAT» партиясының мүшелері «Таза Қазақстан» және «Таза бейсенбі» жобалары аясында қаламыздың мәдени көпшілік орындарына, шетаймақтағы көшелеріне тұрақты түрде тазалық, көшет отырғызу жұмыстарын жүргізуде.

Бөлісу: