Қазгидромет ел тұрғындарына маңызды ескерту жасады

/
Қазгидромет ел тұрғындарына маңызды ескерту жасады
Ortcom.kz

10 өңірде дауыл болады 

«Қазгидромет» РМК еліміздің бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады. 

31 наурыз күні Ақмола облысының батысы мен солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Көкшетауда оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15 м/с.


күндіз батысы мен оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының батысы, оңтүстігі және шығысында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Атырау қаласында да күндіз шаңды дауыл болады, жел екпіні 15-18 м/с.

Алматы облысының оңтүстігінде және таулы аудандарында түнде және таңертең тұман болады.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында түнде және таңертең тұман түседі. Таулы аудандарда солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Тараз қаласында 31 наурыз күні түнде және таңертең тұман болады.

Жетісу облысының шығысында күндіз шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен оңтүстігінде күндіз шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының шығысында күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының батысы, солтүстік-шығысы және орталығында күндіз шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 17-22 м/с. Ақтау қаласында күндіз шаңды дауыл болады, жел екпіні 17-22 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында түнде, ал күндіз облыс аумағында жаңбыр жауады. Күндіз облыстың батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары