сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Тонга жағалауында магнитудасы 7,1 болатын жер сілкінісі тіркелді

/
istockphoto.com
Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ, цунами қаупі жарияланбаған

Тынық мұхитының оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан аралдық корольдік Тонга жағалауында 7,1 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді.

АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Тонгадан солтүстік-шығысқа қарай шамамен 100 шақырым жерде болған.

Тынық мұхитының цунами қаупін ескерту орталығы жер сілкінісінің эпицентрінен 300 шақырым радиуста орналасқан жағалауларда қауіпті толқындардың пайда болуы мүмкін екенін хабарлады.

Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ, цунами қаупі жарияланбаған.

Бөлісу: