сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Ұшақ тұрғын үйге құлап, жолаушылар қаза тапты

/
Оқиға 75 мыңнан астам тұрғыны бар Бруклин-Парк қаласында болды

АҚШ-тың Миннесота штатында жеңіл моторлы ұшақ тұрғын үйге құлап, жарылыс болды. АСВ 7 таратқан мәліметке сәйкес, апат салдарынан ұшқыш пен жолаушылар қаза тапқан.

Оқиға 75 мыңнан астам тұрғыны бар Бруклин-Парк қаласында болды. SOCATA TBM 700 жеңіл моторлы ұшағы адам тұратын аудандағы үйге соғылып, жерге құлаған.

Қазіргі уақытта ұшақ бортында нақты қанша адам болғаны белгісіз. Дегенмен әуе кемесі алты адамға арналған. Бақытына орай, апат кезінде үйде адамдар болмаған. Қазіргі таңда оқиға орнында шұғыл қызметтер жұмыс істеуде.

Ұшақ Айовадағы Де-Мойн халықаралық әуежайынан ұшып шығып, Миннеаполистегі Анока-Блейн округіне бағыт алған. Тергеушілер ұшқыштың тұрғын үйге әдейі барып соғылғанын немесе апаттың техникалық ақаудан болғанын анықтауға кірісті.

Бөлісу: