Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған
Бүгін Петропавлда 15, 14 және 12 жастағы төрт бала Пестрое көлінің үстіндегі мұзда жүрген. Оларды өтіп бара жатқан адамдар байқап, дереу құтқарушыларға хабар берген.
Оқиға орнына Солтүстік Қазақстан облысының Тепличное ауылында өткен аптада ашылған құтқару бөлімшесінің қызметкерлері жедел жетті. Балалар жағалаудан бір жарым шақырым қашықтықта болған. Құтқарушылар оларды қауіпсіз жерге алып шықты. Кәмелетке толмағандардың айтуынша, олар қауіпті түсінбей, тек ойнап жүрген.
Мамандардың айтуынша, бұл мезгілде мұз аса қауіпті – берік болып көрінгенімен, кез келген сәтте жарылып кетуі мүмкін. Сондықтан ата-аналар балаларға су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге тиіс, ал ересектер мұндай жағдайларға бей-жай қарамауы қажет.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелерін бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 412-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.