сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Шымкентте екі қабатты кафеден өрт шықты

/
Видеодан алынған кадр
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ

Шымкентте кафе ғимараты өртенді. Төтенше жағдайлар қызметінің қызметкерлері өртті сөндірді.

Асар шағынауданында екі қабатты кафенің жертөле бөлігінде өрт шыққан. Белгілі болғандай, жертөледе автокөлік бөлшектері мен майлар сақталған.

«Өрт сөндірушілер келген кезде кафеден қою қара түтін шығып жатты. Нөлдік көріну мен жоғары температураның салдарынан өрт сөндірушілерге өрттің ошағын анықтау қиынға соқты. Алайда барлық қиындыққа қарамастан, олар өрттің таралуына жол бермей, оны толықтай сөндіре алды», – деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Бөлісу: