сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Асхат Тағыберген ресми түрде «Тобыл» командасына қайта оралды

/
ҚФФ
Бұл — Асхат Тағыбергеннің «Тобылға» үшінші рет келуі

Футболдан Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыберген ресми түрде қостанайлық «Тобыл» командасының ойыншысы атанды.

Қостанайлық клубтың бас бапкері Нұрбол Жұмасқалиев бұл трансферге қатысты пікір білдірді.

Асхатты таныстырудың қажеті жоқ. Ол — Қазақстан құрамасының көшбасшысы, нағыз кәсіби ойыншы. Оның тәжірибесі мен шеберлігі командамызға үлкен көмек тигізетініне сенімдіміз. Оның үстіне, Асхат «Тобылда» бұрын да ойнаған, жеңіс рухын жақсы біледі, — деді бапкер.

Бұл — Асхат Тағыбергеннің «Тобылға» үшінші рет келуі. Ол бұған дейін 2017 және 2021-2022 жылдары команда намысын қорғап, Қазақстан чемпионы атанды, сондай-ақ Суперкубокты екі рет жеңіп алды.

Бөлісу: