сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалында жеңіліп қалды

/
olympic.kz
Отандасымыз 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті

Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан еркін күрестен Амманда (Иордания) өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші орын алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Ол 97 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетті. Алтын медаль үшін болған белдесуде Ризабек Айтмұхан жапондық Араш Йошидаға 1:7 есебімен есе жіберді. Отандасымыз аталмыш чемпионатта қатарынан үш жыл күміс жүлдегер атанып отыр.

Осылайша Қазақстан құрамасы Азия чемпионатын екі медальмен аяқтады. Бұған дейін 57 келіге дейінгі салмақта Рахат Қалжан қола медаль жеңіп алған болатын.

Бөлісу: