Рахат Қалжан қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:8 есебімен басым түсті
Қазақстандық балуан Рахат Қалжан еркін күрестен Иорданияның астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында үшінші орын алды. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.
Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта Ирак спортшысы Хусейн Альбехадилальборспен белдесті. Қола медаль үшін өткен кездесуде Рахат Қалжан қарсыласына еш мүмкіндік қалдырмай, 6:8 есебімен басым түсті.
Айта кетейік, Ризабек Айтмұхан 97 келі салмақ дәрежесінде алтын медаль үшін бақ сынайды. Ал қола жүлде үшін Начын Куулар (70 келіге дейін) және Дәулет Ергеш (79 келіге дейін) күреседі.