сейсенбі, 1 сәуір, 2025

Ризабек Айтмұхан Азия чемпионатының финалына шықты

/
olympic.kz
Финалдық бәсекелер Астана уақытымен 20:00-де басталады

Қазақстан құрамасының спортшысы Ризабек Айтмұхан (97 келі) еркін күрестен Иорданияның астанасы Амманда өтіп жатқан Азия чемпионатының финалына шықты. Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Отандасымыз жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен кездесті. Тартысты белдесуде қазақстандық балуан 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, финалдық бәсекелер Астана уақытымен 20:00-де басталады.

Бөлісу: