сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Қар еріп жатыр: үш облыста жол жабылды

/
Sputnik
Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 арнайы техника мен 65 маман жұмылдырылды

"ҚазАвтоЖол" еріген қар суына байланысты жолдардағы жағдай туралы дерекпен бөлісті.
2025 жылдың 27 наурызындағы сағат 08:00-дегі жағдай бойынша еріген қар салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

Атап айтқанда бұл:
Ақтөбе облысы:
"Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз" автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:
Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:
"Петропавл қаласының айналма жолы" автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 41 арнайы техника мен 65 маман жұмылдырылды.

Бөлісу: