Елімізге қауіп төніп тұр

Қазгидрометтің болжамынша, елді мекендерді су алу қаупі бар

Елімізге қауіп төніп тұр
фото: gov.kz
5089

Республиканың бірнеше өңірінде өзен деңгейі көтеріліп, су тасқыны қаупі бар, деп хабарлады Қазгидромет.

26-27 наурызда Қостанай облысында еріген қар суынан Шортанды өзенінде су деңгейі көтерілуі мүмкін. Қазгидрометтің болжамынша, елді мекендерді су алу қаупі бар.

Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің бассейндерінде жауын-шашын салдарынан қар көшкіні жүруі ықтимал. Ведомство тауға серуендуден аулақ болуды ескертті.

Еріген қар суынан Солтүстік Қазақстан облысында да автожолдар мен елді мекендерді су басу қаупі бар. Облыстағы Үлкен Тарангүл көлінде су деңгейі көтеріледі, дейді синоптиктер.

Алматы облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында және Алматы қаласының іргелес аумақтарында су деңгейі көтеріледі. Бұл таяу маңдағы елді мекендерге қауіп төндіруі ықтимал.

Ақмола облысында да 25-27 наурыз аралығында су деңгейі көтеріледі. Сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысында осы қауіп сақталады. Еріген қар суынан өзендерде мұз кептелісі болып, салдарынан өзен тасуы мүмкін.

Дәл осындай жағдай Абай, Жетісу облыстарында сақталады. Қазгидромет ауа рйының күрт құбылуына байлансты басқа облыстарда да дабылды ескерту жасады.

Серіктес жаңалықтары