сенбі, 5 сәуір, 2025

4 адам қаза тапты: Ақмола облысында қайғылы жағдай болды

/
istockphoto.com
Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

Кеше, 23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында жантүршігерлік жол апаты болды. Салдарынан төрт адам көз жұмды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

NUR.KZ тілшісіне өңірлік ПД пікір білдірді.

«23 наурызда Степногорск-Заводская ауылы автожолында «ВАЗ» және YUTONG автобусы соқтығысқан. Жол апаты салдарынан «ВАЗ» жүргізушісі мен ондағы 3 жолаушы алған жарақатынан қайтыс болған. Сондай-ақ аталған көлікте отырған тағы 2 кәмелетке толмаған жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім шығады», — деп мәлім етті Ақмола облыстық Полиция департаменті өкілдері.

Бөлісу: