сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Үш облыста жол жабылды

/
istockphoto.com
Ауа-райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді.

2025 жылғы 24 наурыз сағат 08:00 жағдай бойынша еріген қар сулардың салдарынан 3 облыстағы 3 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды:

Ақтөбе облысы:

- «Қандыағаш - Ембі- Шалқар - Ырғыз» автожолының 3-92 шақырым аралығы (Қандыағаш қаласы - Ембі қаласы).

Қостанай облысы:

- Қазақстан мен Ресей арасындағы бейтарап территориядағы Мариновка ауылына жақын аймақта (РФ шекарасы).

Солтүстік Қазақстан облысы:

-  «Петропавл қаласының айналма жолы» автожолының 4-7 шақырымы аралығында (Қожаберген жырау айналма жолынан Есіл өзені арқылы өтетін көпірге дейін).

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 259 арнайы техника мен 539 маман жұмылдырылды.

Бөлісу: