дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

«Тегі ұят нәрсе екенін түсіне ме екен өзі?!»: жас әншімен мектеп алдында махаббат әнін шырқаған Шахизада сынға қалды

/
фото: видеодан скриншот
Жақында танымал әнші жаңа әнін дүйім жұртқа ұсынған еді

Мазмұны

    Шазизада жас әнші Назар Серікпен бірге «Жүрек дүрс» әнін мектеп алдында орындап, сынға қалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

    «Жүрегің мен деп соғады ма?» деп аталған видеодан екі әншінің қалалық гимназиялардың бірінде ән шырқағандарын көруге болады. Көпшілік махаббат жайлы әннің оқушылар алдында орындалуын ерсі көріп, әншілердің жас айырмашылығына да назар аударды.

    «Мектепте махаббаттарын айтып, ғашық екендерін білдіргендей көрінеді», «Түкте жарасып тұрған жоқ», «Тең теңімен. Түк жарасып тұрған жоқ. Тегі ұят нәрсе екенін түсіне ме екен өзі?!» – деп жазады желі қолданушылары.

    Бөлісу: