Блогер Ілияс Сариев құлдықтан құтқарылған қыздарға өз қалтасынан шығарған қаржымен көмектесіп жүргенін айтты, деп жазды turkystan.kz.
«Рамазан айында кейбір адамдар бостан-босқа жала жауып, күнәға батып жатыр. Иә, білемін, қолдап жатқан адамдар өте көп. Сіздерге Алла разы болсын! Бірақ жала жауып жатқан адамдарға айтарым: Назгүл мен Құндыз құлдықтан шыққаннан бастап, олардың жанында мен де жүрдім. Жанашыр ағасы ретінде Руслан да және мен де көмектесіп жүрміз. Мұны ешкім жоққа шығара алмайды. Құдай көріп тұр. «Көреміз» бағдарламасының ұжымы қалай жүгіріп жүрсе, мен де дәл солай жүгіріп, оларға көмектескен едім. Бұған барлық дәлелім бар. Қыздарға үйді өзім сыйға тартқан болатынмын. Ешқайсыңыз ол жерде бір күрек те, бір шеге де көмектескен жоқсыздар. Назгүл мен Құндызға мен ешқашан «сбор» ашқан емеспін. Көмек те сұрамадым. Көмектессем әлі күнге дейін өз көмегімді беріп келе жатырмын. Себебі мен олардың ағаларымын. Рулан қалай көмек қолын созса, мен де солай қолғабыс етіп отырмын. Туған ағаларынан қорлық көргеннен кейін қыздар біздерді жақсы көреді. Сондықтан дұрыс ойда болыңыздар!», – деді Ілияс Сариев.
Еске салайық, бұған дейін 17 жыл құлдықта болған Құндыздың түсірілім кезінде сіреспесі ұстап қалғаны туралы жазған едік.