Көлік өрті неге жиіледі?

Көлік өрті неге жиіледі?

Көлік өрті неге жиіледі?
ашық дереккөзі
Алматы облысында «Көлігіңізде өрт сөндіру құралы бар ма?» атты флешмоб өткізді. Бұған өңірде көлік өртену оқиғаларының жиілеп кеті себеп деп хабарлайды 24.kz.  Мәселен, өткен жылы 246 көлік отқа оранып, одан келген шығын 32 миллион теңгеден асып жығылды. Ал ағымдағы жылдың үш айында 42 темір тұлпар өртенді. Бұл алаңдатарлық жағдай. Алматы облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен жол полициясы қызметкерлері бұл мәселеге қоғам назарын аудару үшін Талдықорғанда «Көлігіңізде өрт сөндіру құралы бар ма?» атты флешмоб өткізді. Аталған шара барысында облыс орталығы мен Алматы қаласының арасында жолаушы тасымалдаумен айналысатын таксилер тексеріліп, қауіпсіздік ережелері түсіндірілді. Белгілі болғандай жүргізушілер өрт сөндіру құралын жаңалауға мән бере бермейді екен. Көбінің пайдалану мерзімі өтіп кеткен. Жол полициясы жүргізушілерге бүгін ауызша ескерту жасаумен шектелді. Ал келесі жолы 3 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынатынын да ескертті. Сәкен Нүсіпов, жүргізуші: - Алматы мен Талдықорғанның арасында жолаушы тасығаннан кейін әрқайсымызда өрт сөндіру құралы болғаны абзал. Келешекте қателіктерімізді түзейміз деп сіздерге айтамыз. Осындай шаралар бола берсе бәрімізге де абзал болады деймін. Ғалымжан Нұрлыбаев, Талдықорған қалалық ТЖБ аға инженері: - Алматы облысында автокөлікте өрт жағдайлары көбеюіне байланысты бүгінгі таңда осы акцияны өткізіп отырмыз. Қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз. Ақау және қысқа тұйықталу болған жағдайда дер кезінде мамандарға, техникалық жөндеу орталықтарына көрсету қажет.