«Күйеубала мас, бет-аузы қан, жерде тістер жатыр»: Алматыдағы келіншектің өліміне қатысты тың дерек шықты

Суық хабарды естіген марқұм Ажардың туыстары оқиға орнына келіп, ішімдік қалдықтарын, қан мен тістерді көрген

«Күйеубала мас, бет-аузы қан, жерде тістер жатыр»: Алматыдағы келіншектің өліміне қатысты тың дерек шықты
фото: видеодан скриншот
1628

Алматы облысында алтыншы қабаттың балконынан құлап, қаза тапқан жас келіншектің өліміне қатысты тың дерек шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнына келген марқұм Ажардың туыстары оқиға орнына келіп, ішімдік қалдықтарын, қан мен тістерді көрдік деп отыр.

20 жастағы марқұм келіншектің туыстары тергеумен келіспей, іс бұрмаланып жатыр деп күдіктеніп отыр. 6-қабаттан құлап, ажал құшқан әйелдің денесінен зорлық-зомбылық белгілері байқалатынын айтқан. 9 наурызда Алматы облысындағы "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің ауласынан 20 жастағы қыздың денесі табылды. 

Полицияның мәліметінше, келіншек 6-қабаттан секіріп, өмірімен қош айтыспақ болған. Бірақ Ажар Тәуекелқызының жақындары қайғылы жағдай болған күні марқұмның пәтерде жалғыз болмағанын жеткізді. Үйінде күйеуі, енесі, ұлы және тағы 2 адам болған көрінеді.

Суық хабарды естіп, оқиға орнына келген қыздың туыстары ішімдікке сылқия тойып алған күйеу баласы мен оның анасын байқаған. Ал бөлмелерде қан іздері болған. Балконның астында күйеубаламыз отыр. Бет-аузы қан-қан. Тура балконның астына түскен. Ашып, көрсетпей қойды. Күйеубала мас отыр. Енесін сұрап ем, осында жүр деді. Ол қашып кетті. 

"Күйеу баланы қамаңдар" дедім. Полиция бірін-бірі таниды, - деді марқұмның ағасы Ашкабек Жекебай.

Суық хабарды естіген марқұм Ажардың туыстары оқиға орнына келіп, ішімдік қалдықтарын, қан мен тістерді көрген.

Олар "суицидке итермелеу емес, қасақана адамды итеріп, өлтіру деп отыр. Ал көршілер бір күн пәтерден айқай-шу естіген. Полиция қайғылы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеудің Қарасай ауданында жүріп жатқанын мәлімдеді.

Алайда марқұмның жақындары істі облыстық Полиция департаментінің қарауына өткізуді талап етіп отыр.

Серіктес жаңалықтары