сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Атырауда ұлттық киімдер шеруі өтеді

/
АқЖайық
Шеру Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз күні сағат 16:00-де Ту тұғырынан бастап, Исатай-Махамбет алаңына дейін өтеді.

Атырауда 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай қала тұрғындарының қатысуымен ұлттық киімдер шеруі өтеді, деп хабарлады turkystan.kz сайты azh.kz басылымына сілтеме жасап.

Аталған іс-шара алғаш рет 2023 жылы 1 маусымда ұйымдастырылып, мыңдаған атыраулықтың қатысуымен өткен еді.  

Шеру Наурызнама онкүндігі аясында 18 наурыз күні сағат 16:00-де Ту тұғырынан бастап, Исатай-Махамбет алаңына дейін өтеді.  

Қала тұрғындарын ұлттық киім киіп, отбасымен, балаларымен, ата-әжелерімен бірге осы ерекше шараға қатысып, ұлттық дәстүрімізді дәріптеуге шақырамыз, - деді Атырау қаласы әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов.  

Шеру мерекелік концертпен жалғасады.

Бөлісу: