34 жастағы ер адам мәйітханада «тіріліп» кетті

Ол өз үйінде жансыз күйде табылған

34 жастағы ер адам мәйітханада «тіріліп» кетті
Фото: report.az
902

Әзербайжанның Жалилабад қаласында мәйітханаға жеткізілген ер адам тірі боп шықты. 1991 жылы туған ер адам өлмеген, тек комаға түскені анықталған, деп хабарлайды nur.kz.

Жалилабад ауданы Тахирли ауылының 1991 жылғы тұрғыны өз үйінде жансыз күйде табылған. Оны бақилық болды деп таныған дәрігерлер Сот-медициналық сараптама және патологиялық анатомия бірлестігінің аудандық бөлімшесіне жеткізген. Алайда мекемеде оның тірі екенін, тек комаға түскенін анықтаған.

Ер адамды тез арада Дажилабад аудандық орталық ауруханасына жеткізіп, жансақтау бөліміне жатқызған.

Оған "механикалық асфиксия" диагнозы қойылған. Қажетті көмек көрсетіліп, қазіргі таңда ер адамның жағдайы ауыр тұрақты деп бағаланып отыр.

Серіктес жаңалықтары