Бүгін, 16 наурызда, Маңғыстау облыстық экология департаментінің мамандары “Голубая бухта” жағажайынан су сынамаларын алды. Бұл шара жағажай аумағында құстардың өлекселері табылуына байланысты жүргізілді, деп хабарлады turkystan.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Экологтардың мәліметінше, зерттеу нәтижелері 5-6 күн ішінде белгілі болады.
Бұған дейін демалушылар “Голубая бухта” маңында жаппай қырылған құстарды байқап, жағажайдың санитарлық жағдайына шағымданған болатын.
Сонымен қатар ақтаулық белсенді әрі блогер Азамат Сәрсенбаев 1-ықшамаудан жағалауында жүріп, көмекке мұқтаж үйректер мен аққуды тапқанын хабарлады.