937
Мал іздеуге кеткен: Ұлытау облысында жоғалып кеткен ер адам табылды
Оған медициналық көмек қажет болған жоқ

Ұлытау облысында жоғалып кеткен малшыны іздеу жұмыстары сәтті аяқталды, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.
Белгілі болғандай, Жезқазған қаласынан 80 шақырым жерде 1991 жылы туған ер адамның туыстарына құтқарушылардың көмегі қажет болды.
Ол күндіз ат үстінде шығып, мал іздеуге кеткен. ТЖМ іздестіру тобы Талдысай ауылынан 8 шақырым жерде ер адамды тауып алды, – делінген ведомство таратқан ақпаратта.
Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.