сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Биыл елімізде 200-ден аса мектеп салынады

/
istockphoto.com
Ауылдағы 900 білім ордасын жаңғырту қажет.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгін Бурабайда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың IV отырысында биыл елімізде 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынатынын, сапалы салынған қарапайым мектептерге сұраныс жоғары екенін айтты.

«Биыл елімізде 500 мың оқушыға арналған екі жүзден астам мектеп салынады. Мына жайтты қаперде ұстаған жөн: барлық жерде тек «Жайлы мектеп» жобасы аясында мектеп салу міндетті емес. Сапалы салынған қарапайым мектептерге де сұраныс жоғары. Үш жылда 1300, соның ішінде ауылдағы 900 білім ордасын жаңғырту қажет. Жаңа оқу жылына дейін мемлекеттік және жекеменшік мектептің барлығы балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін арнайы құралдармен жабдықталуға тиіс» – деді Президент.

 

Бөлісу: