сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Ақтөбеде жеке үйлерге ұрлыққа түскен қарақшы ұсталды

/
polisia.kz
Ұрының олжасы -  алтын бұйымдар, ақша және күзен тондар болған.

Криминалдық полиция қызметкерлері пәтер ұрлығын ашуға бағытталған жедел іс-шаралар өткізу барысында бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Ұсталған адам жыл басынан бері жеке үйлерге 8 рет ұрлыққа түскен.

Барлық ұрлықтар күндізгі уақытта пластикалық терезелерді итеріп ашу арқылы жасалған.

Ұрының олжасы -  алтын бұйымдар, ақша және күзен тондар болған.

Мысалы, 7 наурызда ер адам терезені ашу арқылы үйге кіріп, алтын алқа, 3 алтын сақина, алтын жалатылған сағат және 100.000 теңге сомасында ақша қаражатын ұрлап кеткен. Шығын 700 мың теңгеден асты. 

Күдікті жасаған қылмысын мойындады, заттай айғақтар ішінара тәркіленді. 29 жастағы күдікті  уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Полиция департаменті пәтер ұрлығының алдын алу мақсатында күзет дабылы жүйесін орнатуды ұсынады.

Бөлісу: