сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Екі облыста жол жабылды

/
istockphoto.com
Ауа-райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді.

2025 жылғы 13 наурыз сағат 13:00-де ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:

Солтүстік Қазақстан облысы:

- "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 729-768 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы - Тоқсан ауылы).

Қостанай облысы:

- "Астана - Атбасар - Жақсы - Рузаевка - Сарыкөл - Қостанай - РФ шекарасы" автожолының 686-729 шақырым аралығы (Сарыкөл ауылы - СҚО шекарасы).

Жолды 2025 жылғы 14 наурыз сағат 06:00-де ашу жоспарланған.

Бөлісу: