дүйсенбі, 31 наурыз, 2025

Токиода тікелей эфир жүргізіп тұрған әйелді көшенің ортасында пышақтап кеткен

/
сурет: istockphoto.com
Полиция күдіктіні оқиға орнында екі пышақпен ұстады.

Мазмұны

    Токиода тікелей эфир жүргізіп тұрғанда шабуылға ұшыраған 22 жастағы әйел қайтыс болды. Полиция күдіктіні оқиға орнында екі пышақпен ұстады.

    Оқиға 12 наурыз күні таңғы сағат 9:50 шамасында Токионың Синдзюку ауданындағы Такаданобаба көшесінде болған. Айри Сато тікелей эфир жүргізіп тұрған кезде оған белгісіз ер адам шабуыл жасап, ұзындығы 13 см болатын пышақпен бірнеше рет мойны мен кеуде тұсынан соққы жасаған.

    Сато ауыр жарақат алған, ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Токионың Метрополитен полиция департаменті 42 жастағы Кеничи Такано есімді ер адамды тұтқындады. Ол кісі өлтірді деген күдікке ілінді.

    Алдын ала мәліметтерге сәйкес, қаза тапқан әйел мен күдікті бір-бірін таныған және олардың арасында қаржылық дау болған. Тергеу жалғасып жатыр.

     

    Бөлісу: