сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Атырау тұрғынының көлігінен 1,5 келі бекіре уылдырығы тәркіленді

/
Polisia.kz

 Атырау қаласы тұрғынының көлігімен 1,5 келі бекіре уылдырығын заңсыз тасымалдағаны анықталды.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Lada Vesta автокөлігі күдік тудырған. 

– Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері «Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде күдік тудырған Lada Vesta автокөлігінің 63 жастағы жүргізушісін тоқтатты. Автокөліктің салонынан 1,5 келі бекіре тұқымдас балықтың уылдырығы табылып, тәркіленді. Күдіктіге қатысты пайдалануға тыйым салынған жануарларды, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз қолға түсіру, иемдену, сақтау, өткізу, әкелу, әкету, жөнелту, тасымалдау немесе жою бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу басталды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды, - деп хабарлады департаменті.

 

 

Бөлісу: