«Бірге кітап оқиық» жобасы: Мереке Құлкенов «Қаныш аға осындай еді…» кітабын оқуға кеңес берді

«Бірге кітап оқиық» жобасы: Мереке Құлкенов «Қаныш аға осындай еді…» кітабын оқуға кеңес берді
134

Отандық және шетелдік шығармаларды насихаттауға бағытталған «Бірге кітап оқиық» жобасы аясында Қазақстан Жазушылар одағының Басқарма төрағасы Мереке Құлкенов «Қаныш аға осындай еді…» кітабын оқуға кеңес берді.

Бұған дейін жоба аясында Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» және Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» повесі жан-жақты талқыланып, оқылды.

«Бірге кітап оқиық» жобасын қазақтың батыр ұлдары Бауыржан Момышұлы мен Әзілхан Нұршайықовтың шығармаларынан бастағандарын өте дұрыс болған екен. Әзілхан Нұршайықов шынымен де ерекше жазу стиліне ие, қаламмен сурет салған жазушы. Оның “Махаббат, қызық мол жылдар” шығармасы қазіргі және келесі ұрпаққа мұра болатын асыл қазына. Оны бар жанымен түсініп оқыған адам өз ой-өрісін кеңейтумен қатар, адамгершілігін де дамытады. Ал Баукеңнің «Ұшқан ұя» кітабы – халқымыздың этнографиялық энциклопедиясы тәрізді аса құнды, қазақ руханиятының қазынасы. Повесте қазақтың «қонақ күту кәдесі», «қыз ұзату», «көкпар тарту» сынды ұлттық салт-дәстүрі өте шынайы бейнеленген. Партияның «Кітап-AMANAT» жобасы аясындағы «Бірге кітап оқиық» аманатының келесі оқылатын шығармасын анықтау маған түскен екен. Мен Қалмұқан Исабайдың «Қаныш аға осындай еді…» кітабын ұсынамын», – деді Мереке Құлкенов.

Бұл туындыда белгілі ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевпен бірге 20 жыл уақыт өткізген Бөпежан Аяпбергеновтың естеліктері жазылған. Әңгімені қағазға түсірген – Қалмұқан Исабай. Жоба ережесіне сай Мереке Әбдешұлы келесі кітапты анықтауды жазушы Төлен Әбдікке және Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке ұсынды.

 

Серіктес жаңалықтары