Ұлытау облысында қар құрсауында қалған 11 адам құтқарылды

Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады

Ұлытау облысында қар құрсауында қалған 11 адам құтқарылды
ТЖМ
264

Жаңаарқа ауданында Жаңаарқа ауылынан 40 шақырым жерде «Қарағанды-Самарка-Атасу-Айнабұлақ» автожолының жабық учаскесінде адамдар мінген 2 жеңіл көлік қар құрсауында қалып қойды, деп хабарлады ТЖМ баспасөз қызметі.

ТЖМ құтқарушылары боранда, қалың қарлы жолды еңсере отырып, Жаңаарқа кентіне 11 адамды, оның ішінде 6 баланы құтқарып, жеткізді.

Құтқарылғандар медициналық көмекке мұқтаж болмады.

Серіктес жаңалықтары