ҰҚК 40 млн теңге пара алған екі лауазымды тұлғаны ұстады

/
ҰҚК 40 млн теңге пара алған екі лауазымды тұлғаны ұстады
ҰҚК

ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі көлік саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жолын кесу бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде, деп хабарлайды turkystan.kz.

Биылғы тамызда СЖҚК прокуратураның үйлестіруімен Көлік министрлігінің автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті төрағасының орынбасары мен Ақмола облысы бойынша көлік бақылауы инспекциясы басшысының орынбасарын ұстады.

Олар жүктері рұқсат етілген салмақ нормаларынан асып кеткен көлік құралдарының кедергісіз жүруін қамтамасыз ету жөніндегі құқыққа қарсы әрекетте күдікті.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес бұлар кәсіпкерлерден 40 млн теңгеден астам сомаға материалдық сыйақы алған.

Сот санкциясымен аталған адамдар қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар