Ақмола облысында кәсіпорын жұмысшыларына 13 млн теңге жалақы төлемеген

/
Ақмола облысында кәсіпорын жұмысшыларына 13 млн теңге жалақы төлемеген
istockphoto.com

Ақмола облысының Сандықтау ауданының прокуратурасы заңдылықтың бұзылуын анықтау, азаматтардың құқықтарын қорғау және бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында ауданның ауылдық округтеріне тұрақты түрде шығып, көшпенді қабылдаулар жүргізеді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аталған кездесулар барысында тұрғындармен және еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізіліп, өтініштер қабылданып, прокурорлық араласуды талап ететін проблемалық мәселелер анықталады.

Аудан прокурорымен Широкое ауылдық округ тұрғындарымен кездесу барысында «Широкое» ЖШС жұмысшыларының ай сайынғы жалақыны алуға еңбек құқықтарының бұзылу фактісі анықталды.

«Широкое» ЖШС жұмысшыларының бұзылған құқықтарын қалпына келтіру мақсатында аудан прокуратурасымен прокурорлық ден қою шаралары қабылданды. Нәтижесінде 79 жұмысшыларға жалпы 13 млн теңге сомасында жалақы бойынша берешек төленді.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша жұмыс беруші әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары


Жаңалықтар