сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Прокуратура автобус жүргізушілерінің еңбек құқықтарын қорғады

/
istockphoto.com
Егер азаматтардың еңбек құқықтары бұзылса, олар прокуратураға жүгіне алады.

Семей қаласының прокуратурасы жергілікті кәсіпорындардың бірінде жұмыс берушінің еңбек тәртібін бұзғаны үшін жүргізушілерге Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне қайшы заңсыз айыппұл санкцияларын енгізгенін анықтады.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, еңбек тәртібін бұзғаны үшін айыппұл ретіндегі жауаптылық қарастырылмаған. Аталған тәртіптік жазаны қолдану заңсыз болып табылады.

Қала прокуратурасының араласуымен кәсіпорында еңбек дауы алдын алынды. Жұмыс берушінің заңсыз бұйрығының күші жойылып, кәсіпорындағы 125 қызметкердің конституциялық құқықтары қорғалды.

Облыс прокуратурасы барлық жұмыс берушілерге айыппұл санкцияларын тек әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасы аясында және тек уәкілетті органдар арқылы қолдануға болатынын ескертеді.

Егер азаматтардың еңбек құқықтары бұзылса, олар прокуратураға жүгіне алады.

Бөлісу: