Ауа-райының бұзылуына байланысты 7 облыста жол жабылды

/
Ауа-райының бұзылуына байланысты 7 облыста жол жабылды
istockphoto.com
Барлық көлік түрінің қозғалысы шектелді.

2025 жылғы 7 наурыз сағат 08:30 жағдай бойынша 7 облыстағы 7 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды, деп хабарлайды turkystan.kz.  

Ақмола облысы:

- «Астана-Қарағанда-Алматы » автожолының 1291- 1353 шақ., ( Жібек Жолы ақы алу пунктінен Қарағанды облысының шекарасына дейін).

Абай облысы:

- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы-Шығыс Қазақстан облысы шекарасы).

Атырау облысы:

- «Атырау-Орал»  автожолының 5-62  шақ., (Атырау қаласы - Махамбет ауылы дейін).

Шығыс Қазақстан облысы:

- "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" автожолының 1013-1048 шақырым аралығы (Абай облысы шекарасы-Ұлан ауылына бұрылыс).  

Қарағанды облысы:

«Астана-Қарағанды-Алматы» автожолы:

- 1353-1426 шақ., Ақмола облысының шекарасынан Теміртау ақы алу пунктіне дейін.

- 1610-1855 шақ., Ақсу-Аюлы ауылынан Балқаш қаласына дейін.

- 1505-1610 шақ., Атамекен ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін.

Қостанай облысы:

-"Жезқазған-Арқалық-Петропавл" автожолының 252-340  шақ., (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін).

Ұлытау облысы:

«Жезқазған-Арқалық-Петропавл» автожолы:

- 137-252 км, Ұлытау ауылы - Қостанай облысының шекарасы.

- 37-137 км, Сәтбаев қаласы - Ұлытау ауылы.

Қазіргі таңда республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 803 арнайы техника мен 1859 маман жұмылдырылды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары