Атырау қаласындағы «Рахат» аялдамасында қолына пышақ ұстаған әйел көліктерге шабуыл жасаған, деп хабарлады turkystan.kz Azattyq Rýhy сайтына сілтеме жасап.
Видео күндіз желіде тарады. Онда әжей пышақпен өтіп бара жатқан көліктерге шабуыл жасағанын көруге болады. Редакция тілшілері қалалық полицияға жүгініп, істің мән-жайын сұрады.
«Аталған бейнежазбадағы оқиға 5 наурыз күні болған. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаның жеке басын анықтады. 59 жастағы әйел адамның жүйке жүйесі ауруларымен есепте тұрғаны анықталды. Құқық бұзушылыққа жол берген тұлғаға қатысты заңды жауапты күтушісімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, іс-құжаттар жауапты жергілікті атқарушы органдарға шарасын алу үшін жолданады», – делінген Атырау облысы полиция департаментінің ресми жауабында.