758
«Байға тиемін»: Құлдықта болған Құндыз күтпеген мәлімдеме жасады
17 жыл құлдыққа жегілген қыз тұрмыс құрғысы келеді.

Тележүргізуші Руслан Өтепбай телебағдаралмасының кейіпкерлері болған апалы-сіңілі қыздардың үйіне барып, жағдайларымен танысқан, деп жазды turkystan.kz.
Бүгінде апалы-сіңілі Назгүл мен Құндыз Тараз қаласында тұрып жатыр.
Құндыз тележүргізушіге жеке өміріне қатысты қалауын айтқан.
«Байға тиемін. Жігіт болса тұрмысқа шыққым келеді», – деді Құндыз.
Сондай-ақ ол тілшіге Қайрат Нұртас орындайтын «Сені сүйемін» әнін орындап берген.
Еске салсақ, бұған дейін қыздардың фотосессия жасатқаны жайында жазған едік.