сәрсенбі, 2 сәуір, 2025

Бақытқа ұмтылу адамды бақытсыз етеді – зерттеу

/
сурет: istockphoto.com
Канаданың Торонто қаласындағы Скарборо университетінің зерттеуі көрсеткендей, бақытты болуға ұмтылу адамның өзін-өзі бақылау қабілетін әлсіретеді, нәтижесінде ол қате шешімдер қабылдап, өз өміріне көңілі толмайды.

Ғалымдар бақытқа жетуге деген үздіксіз талпыныс адамды тек қажытып, күш-жігерін сарқитынын анықтады.

Канаданың Торонто қаласындағы Скарборо университетінің зерттеуі көрсеткендей, бақытты болуға ұмтылу адамның өзін-өзі бақылау қабілетін әлсіретеді, нәтижесінде ол қате шешімдер қабылдап, өз өміріне көңілі толмайды.

Зерттеу авторларының бірі, профессор Сэм Маглио бұл процесті жұмыс күнінен кейінгі шаршаумен салыстырады: адам күн бойы миын қажытады, содан кейін пайдалы істерден гөрі әлеуметтік желілерді қарауға көбірек бейім болады.

Ғалымдардың кеңесі: бақытты мақсат емес, табиғи процесс ретінде қабылдаңыз. «Мен бақытты боламын, егер…» деп емес, «Мен дәл қазір болып жатқан жақсы нәрселерді байқаймын» деп ойлап көріңіз.

Бөлісу: