123
Ерсайын Нағаспаев Өнеркәсіп және құрылыс министрі болды
Нағаспаев бұл қызметке келгенге дейін «Қазақстан темір жолында» жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы болған.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерсайын Қайырғазыұлы Нағаспаев Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәліма етті.
Нағаспаев бұл қызметке келгенге дейін «Қазақстан темір жолында» жаңа жобалар жөніндегі басқарушы директордың міндетін атқарушы болған. Ол түрлі жылдары Шахтинск қаласының әкімі, Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.
Айта кетейік, бұған дейін аталған лауазымда Қанат Шарлапаев болған еді.