96
Маңғыстау облысында көлік қозғалысы шектелді
Ауа-райының бұзылуына байланысты жол жабылды.

2025 жылғы 27 ақпан сағат 10:30-да ауа райының бұзылуына байланысты келесі республикалық автожолдарда жүк көліктердің қозғалысына шектеу қойылды:
- "Доссор - Құлсары - Бейнеу - Сайөтес - Шетпе - Жетібай - Ақтау" 718-786 шақырым аралығы (Ақтау қаласы - Жетібай ауылы);
- "Ақтау - Құрық" автожолының 13-72 шақырым аралығы (Ақтау қаласы - Құрық ауылы).
Жолды бүгін сағат 15:00-де ашу жоспарланған.