100
Екі облыста жол жабылды
Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында ауа-райының бұзылуына байланысты көлік қозғалысы шектелді.

2025 жылғы 27 ақпан сағат 08:00 жағдай бойынша 2 облыстағы 2 республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Ақмола облысы:
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" 856-915 шақырым аралығы (СҚО шекарасы - Жақсы ауылы).
Солтүстік Қазақстан облысы:
- "Астана-Атбасар-Жақсы-Рузаевка-Сарыкөл-Қостанай-РФ шекарасы" 846-856 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасы - Тахтаброт ауылының бұрылысы).