171
Қостанай облысында шипажайға демалуға келген зейнеткер жоғалып кеткен
Қостанай облысында ТЖМ құтқарушылары орманда адасып қалған әйелді тапты

Құтқарушылар Алтынсарин ауданындағы орман алқабынан 1953 жылы туған әйел адамды аман-есен алып шықты, деп хабарлады turkystan.kz.
Шипажайда демалыста жүрген зейнеткер серуендеп жүріп, адасып қалған. Кері қайтар жол таба алмаған ол "112" құтқару қызметіне қоңырау шалып, көмек сұраған. Құтқарушылар онымен телефон арқылы байланысын орнатып, әйелді жедел іздестірген.
Нәтижесінде олар әйел адамды шипажайға жақын жерден тауып, оны демалыс орнына жеткізген.
Ол медициналық көмекке мұқтаж болмаған.