Жетісу облысында жол жабылды

/
Жетісу облысында жол жабылды
istockphoto.com
Жол күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты жабылды.

2025 жылғы 25 ақпан сағат 13:00-де Көнбе өзені арқылы өтетін көпірдің күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты "Сарыөзек - Көктал" автожолының 141-142 шақырым аралығында (Көнбе көпірі) автокөліктердің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылды.

Жолды 2025 жылғы 26 ақпан сағат 14:00-де ашу жоспарланған.

Айта кетейік, қазір республикалық жолдарда күтіп-ұстау жұмыстары жүргізіліп жатыр. 865 арнайы техника мен 2178 маман жұмылдырылған.

 

 

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары