154
Ақтөбеде жас келіншекті пышақтап кеткен
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Ақтөбеде 38 жастағы келіншек көптеген пышақ жарақатынан көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Келіншек 19 ақпанда жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген. Оған жедел түрде ота жасалған. Бірақ 20 ақпан күні реанимацияда жан тапсырған.
Ақтөбе қаласының Полиция басқармасы адам өлтіру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.