Антикор азаматтарға арналған WhatsApp чат-ботын іске қосты
Қазіргі таңда жемқорлыққа қарсы тиімді іс-қимыл қоғамның белсенді қатысуымен және қолдауымен жүзеге асады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және жемқорлық көріністеріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру, сондай-ақ азаматтық белсенділікті арттыру мақсатында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін жаңа құралды енгізеді.
Енді әрбір азамат жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады немесе WhatsApp мессенджері арқылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес ала алады.
Ол үшін 8 777 000 1424 нөміріне хабарлама жіберу жеткілікті.
Антикор 1424 WhatsApp-чат-бот арқылы не істеуге болады?
Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлау
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша кеңес алу
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы шынайы ақпарат бергені үшін 15,7 млн теңгеге дейін сыйақы көзделген.
Өтініш құпиялылығы сақталады. Барлық хабарламалар міндетті түрде қаралады және құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады.
Антикор 1424 WhatsApp-чат-бот: 8 777 000 1424