25
Ресейде айыппұлдың жаңа түрі пайда болды

Ресейде есігі сыртқа қарай ашылатын үй иелеріне 15 мың рубль айыппұл салынуы мүмкін. Бұл туралы gazeta.ru жазды.
Ресейде кіреберіс есіктердің сыртқа қарай ашылуы тек сәулет ерекшелігі емес, сонымен қатар өрт кезінде эвакуацияға кедергі келтіретін қауіп ретінде қарастырылады.
Сарапшылардың айтуынша, мұндай есігі бар үйге иелік ететін азаматтар 15 мың рубльге дейін айыппұл төлеуі мүмкін. Егер көршілер бұл туралы тиісті органдарға шағымданса, тексеріс жүргізіліп, айыппұл салу ықтималдығы артады. Сондай-ақ, бұл жағдай сотқа дейін жетуі мүмкін.
Құтқару қызметкерлері өрт немесе басқа да төтенше жағдай кезінде сыртқа қарай ашылатын есіктер адамдардың жаппай эвакуациясын қиындататынын айтады.