17
Жапонияда дәмхана иесі нашар пікір қалдырған клиенттерді табу үшін сыйақы жариялаған

Жапонияда дәмхана иесі тамақтанатын орын туралы жаман пікір қалдырған клиенттерді табу үшін 100 мың иен сыйақы жариялаған.
Оқиға екі жігіттің тағамға көңілі толмай, 1 жұлдызбен бағалағанынан басталған. Бірақ бұл пікір дәмхана иесіне ұнамаған сияқты – ол клиенттер туралы ақпарат бергендерге ақша ұсынып қана қоймай, олардың отбасыларына да қауіп төніп тұрғанын мәлімдеген.
Қатты сынға ұшырағаннан кейін бұл жазбалар өшірілді, алайда мейрамхананың иесі әлі де өз ұстанымынан қайтар емес. Оның айтуынша, алғашқы «агрессияны» жасаған – дәл сол клиенттердің өздері.